Африкадан Голландияға ұшақ шассиіне отырып жеткен ер адам аман қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Амстердамдағы Схипхол әуежайында жексенбі күні жүк лайнерінің шассиінен Африканың оңтүстігінен ұшып келген «қоян» табылды. Абырой болғанда, ол аман жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

«Әдетте, бұлайша тегін ұшуға тырысатындар көбінесе аман қалмайды. Өйткені заманауи авиалайнерлер ұшатын биіктіктегі ауа температурасы минус елу градусты құрайды.

Нидерланд полициясы мен шекара қызметінің өкілі Джоанна Хелмондстың айтуынша, аман қалған ер адам ауруханаға жіберілген.

«Оның мұндай суықта және осындай биіктікте аман қалуы таңқаларлық», - деп қосты Хелмондс.

Полицияның болжамына сәйкес, ол ұшаққа Йоханнесбургтен немесе Найробиден отырған, ал Йоханнесбургтен Шипхолға ұшу шамамен 11 сағатқа созылады.

Табылған ер адамның жасы мен ұлты әлі хабарланған жоқ.


Соңғы жаңалықтар