Африкада «Фредди» циклоны 450-ден астам адамның өмірін қиды

Фото:
ПРЕТОРИЯ. ҚазАқпарат - Африканың оңтүстік-шығыс аймақтарында «Фредди» тропикалық циклоны салдарынан 463 адам қаза тапты. Бұл туралы сенбі күні оңтүстік африкалық SABC радиостанциясы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің жазуынша, ең көп шығын Малавиге тиген, онда 360 адам қайтыс болған. Материалдық шығындар, оның ішінде мыңдаған үйлер мен басқа да ғимараттардың қирауынан болған шығын, алдын ала есепке қарағанда, ондаған миллиард долларға бағаланады.

«Фредди» Австралияның солтүстік-батысындағы Үнді мұхитында пайда болды және 38 күнге созылды, 14 наурыз күні кешке тарқады. Бұл - планетаның осы бөлігінде тіркелген ең ұзын циклон. Фредди эпицентріндегі желдің максималды жылдамдығы 62,6 м/с жетті. 8000 шақырымнан астам жол жүріп өткен циклон Маврикий, Мадагаскар, Малави және Мозамбикке әсер етті.


Соңғы жаңалықтар