Африкада БҰҰ бітімгерлерінің тікұшағы апатқа ұшырап, үш адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Африкада Біріккен Ұлттар Ұйымы бітімгерлері тікұшағы апатқа ұшырап, үш адам мерт болды, деп хабарлайды Associated Press.

БҰҰ деректеріне қарағанда, бортта 23 жолаушы болған. Олардың 10-ы жарақаттанған, ал үшеуінің жағдайы ауыр.

Тікұшақтың неліктен апатқа ұшырағандығы әзірге белгісіз.

Тікұшақ Солтүстік және Оңтүстік Суданның шекарасында орналасқан, ерекше мәртебеге ие африкалық Абьей ауданы аумағында құлаған.

Қазіргі уақытта мұнда БҰҰ аясындағы эфиофиялық бітімгерлер орналастырылған.

Соңғы жаңалықтар