Африкада арыстандар уланудан жаппай қырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Угандадағы Королева Елизавета Ұлттық бағында 11 өлі арыстан табылды, деп хабарлайды Euronews.

Уганда табиғатты қорғау мемлекеттік органдарының айтуынша, жыртқыштар үй жануарларына шабуылдағаннан кейін уланған. Уганда Жабайы табиғатты қорғау басқармасының ресми өкілі Гесса Симплишестің айтуынша, оқыс оқиға елдің туризм саласына көп шығын әкеледі.

«Арыстандардың оған дейін дені сау еді. Оларды сол маңайдағы жергілікті тұрғындар улап өлтірген болуы мүмкін», - дейді ол.

Басқарма біраздан бері бақтың ішінде орналасқан ауылдарды көшіру қажеттігін айтып келеді.

Уганда бір ай ілгері БҰҰ-ның Бүкіләлемдік жабайы табиғат күнін атап өткен болатын. Оның аясында мысық тұқымдастарының өкілдерін қорғау мәселелері талқыланды.

Королева Елизавета Ұлттық бағында 200-ге жуық арыстан бар.

Соңғы жаңалықтар