26.05.2023 01:45 Астанада «Африка күні» тойланды АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада Африка күніне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.05.2023 16:19 Қазақстан үшін Африка жаңа әлеуетті бағытқа айналды – Елшімен сұхбат АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл 25 мамырда Африка одағының 60 жылдық мерейтойы атап өтіледі, сондай-ақ Қазақстанның осы ұйымда бақылаушы болғанына 10 жыл толады. Осы орайда Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, Африка одағы жанындағы тұрақты өкілі Барлыбай Садықов «ҚазАқпарат» агенттігіне сұхбат беріп, Африка құрлығының маңызды рөлі туралы әңгімелеп берді.
11.04.2023 10:15 Тунис жағалауында мигранттар мінген екі қайық суға батты ТУНИС. АНАДОЛЫ - ҚазАқпарат- Тунистің оңтүстік жағалауында бір тәулікте мигранттар мінген екі қайық суға батты: төрт адам қаза тауып, 20-дан астамы із-түзсіз жоғалды. Бұл туралы Анадолы агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
19.03.2023 03:37 Африкада «Фредди» циклоны 450-ден астам адамның өмірін қиды ПРЕТОРИЯ. ҚазАқпарат - Африканың оңтүстік-шығыс аймақтарында «Фредди» тропикалық циклоны салдарынан 463 адам қаза тапты. Бұл туралы сенбі күні оңтүстік африкалық SABC радиостанциясы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.
26.12.2022 04:34 Оңтүстік Африкада аурухана маңында жанармай таситын көлік жарылды АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африкада 60 мың литр сұйытылған көмірсутекті газ тасымалдайтын жүк көлігі жарылды. Кемінде 15 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews арнасына сілтеме жасап.
30.10.2022 22:12 Оңтүстік Африкада жарты ғасырда бірінші рет зулустар патшасы ұлықталды АСТАНА. ҚазАқпарат – Оңтүстік Африканың Дурбан қаласында Мисузулу Синкобиле Зулуды ұлықтау рәсімі өтті. Ол зулустар патшасы титулын тамыз айында қабылдаған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.
12.09.2022 12:18 Оңтүстік Африкада су бөгеті бұзылып, 3 адам қаза тапты НҰР-СҰЛТАН. Анадолы-ҚазАқпарат – Оңтүстік Африка Республикасының (ОАР) Фри-Стейт провинциясында шахта қоймасының су бөгеті бұзылып, үш адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
09.09.2022 09:36 Африкада 250 миллионға жуық адам су тапшылығынан зардап шегіп отыр НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) су тапшылығы, құрғақшылық пен су тасқыны Африка экономикасы мен экожүйесіне орасан зиян келтіретіні туралы жаңа баяндама жариялады. Мұздықтар жойылып, негізгі көлдердің аудандары қысқаруда, бұл құрлықтағы халықтың жаппай көшуіне әкелуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ Жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
25.08.2022 09:58 Африка елдерінде құрғақшылықтан жұқпалы аурулар көбейген НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Эфиопия, Кения және Сомалидегі құрғақшылықтан зардап шеккен және таза суға қол жеткізе алмай отырған адамдардың саны бес айда 9,5 миллионнан 16,2 миллионға дейін өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтар сайтына сілтеме жасап.
21.08.2022 17:29 Сомалиде лаңкестік шабуылдан қаза тапқандар саны 30 адамға жетті НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сомалидегі қонақ үйде болған лаңкестік шабуылдан қаза тапқандар саны 30 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат еuronews-ке сілтеме жасап.
06.08.2022 13:16 Африка елінде жаппай ашаршылық болуы мүмкін НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарт – Сомалидің сегіз аймағында жаппай ашаршылық қаупі бар. Бұл туралы ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтары сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
24.04.2022 19:36 Африкада 1 млн астам балаға безгекке қарсы алғашқы екпе салынды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы үйлестіріп отырған пилоттық жобаның арқасында Гана, Кения мен Малави елдерінде 1 млн астам балаға әлемдегі безгекке қарсы алғашқы вакцинаның бір немесе бірнеше дозасы салынды. Бұл туралы Ұйымның ақпараттық ресурсында жарияланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
26.01.2022 07:11 Африканың оңтүстік-шығысында тропикалық дауыл 46 адамның өмірін қиды ПРЕТОРИЯ. ҚазАқпарат - Мадагаскар, Мозамбик және Малавиде соңғы төрт күнде «Ана» тропикалық дауылы салдарынан кем дегенде 46 адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат Agence France-Presse (AFP) агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
24.12.2021 18:13 Мәулен Әшімбаев Мысырдың Қазақстандағы Елшісімен кездесті НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Мысырдың Қазақстандағы Елшісі Манал Эльсайед Ехия Эль Шиннавимен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21.11.2021 18:29 Екатерина Шабалина Африка кубогында қола жүлде жеңіп алды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екатерина Шабалина Мороккода өткен Африка кубогында триатлоннан қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
11.11.2021 15:55 Қайрат Лама Шариф Қазақстанның Алжир және Тунистегі елшісі қызметін қоса атқарады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
06.09.2021 12:31 Гвинеяда бүлікшілер коменданттық сағат енгізді КОНАКРИ. ҚазАқпарат – Гвинея астанасында төңкеріс жасаған әскерилер бүкіл ел бойынша коменданттық сағат енгізгенін және ел конституциясының күші жойылып, үкімет таратылғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң аймақ губернаторларын ауыстыру жоспары туралы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Al Jazeera ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
06.09.2021 07:50 Гвинеяда мемлекеттік төңкеріс жасалмақ болды ПРЕТОРИЯ. ТАСС- ҚазАқпарат – Гвинея Республикасында жексенбі күні мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды. Бұл труралы өзінің порталында Jeune Afrique журналы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
04.09.2021 10:54 Аддис-Абебада Семей полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған семинар өтті АДДИС-АБЕБА. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту аясында Эфиопия астанасы Аддис-Абебада Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған «Ядролық қарудан және ядролық сынақтардан азат әлемге қол жеткізу» тақырыбында семинар өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
25.08.2021 14:36 Қазақстан мен Эфиопияның дипломатиялық қатынас орнатқанына 10 жыл толады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қыркүйекте Эфиопия мен Қазақстанның дипломатиялық қарым-қатынастар орнатқанына 10 жыл толады. Осыған орай «ҚазАқпарат» ХАА Оромо азаттық қозғалысы (OLM) партиясының қоғаммен байланыс жөніндегі жетекшісі, Геокеңістіктік ақпарат институтының аға ғылыми қызметкері Тессема Хундуманың «Қазақстан 30 жыл ішінде. Эфиопия мен Қазақстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың маңызды кезеңі» атты мақаласын оқырман назарына ұсынады.