Африка елінде жаппай ашаршылық болуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарт – Сомалидің сегіз аймағында жаппай ашаршылық қаупі бар. Бұл туралы ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтары сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сарапшылар пікірінше, егер елде құрғақшылық пен негізгі тауарлар бағасының өсуі жалғаса берсе, ал халықтың ең осал топтарына гуманитарлық көмек жеткізілмесе, ел тұрғындары осындай қауіпке биылғы жылдың қыркүйек айының басында тап болады.

Былтырғы қаңтардан бері құрғақшылық пен күнкөрістің нашарлауына байланысты елдің 900 мыңнан астам тұрғыны ішкі көші-қон лагерьлеріне қоныстандырылды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымына (ФАО) оларға жедел көмек көрсету үшін шұғыл түрде 131,4 млн доллар қажет. Қазіргі уақытта ұйымның Сомалидегі ашаршылықтың алдын алу шаралары небары 46 пайыз қаржыландырылған.


Фото: news.un.org




Соңғы жаңалықтар