Африка елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты

None
None
ПРЕТОРИЯ. ҚазАқпарат – Жексенбі күнгі мәліметтер бойынша, әлемде вирус жұқтырғандар саны 300 мыңнан асты. Олардың 13 мыңы мерт болды, 92 мың адам сауығып кетті.

Бұл туралы ҚазАқпарат Би-Би-Си агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Індеттің тарауының күрт арту жағдайлары әсіресе Африка елдерінде байқалды. Бұл аймақта 1198 адамнан Covid-19 вирусы табылды. Африка құрлығында осы уақытқа дейін коронавируспен байланысты жағдай оңды болып келген еді.

Соңғы жаңалықтар