+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Афина марафоны 2020 жылдың соңында өтеді

2020 жылғы 13 шілде 08:30
Бөлісіңіз:
Афина марафоны 2020 жылдың соңында өтеді

АФИНА. ҚазАқпарат – Афина марафоны мен кейінге шегерілген жартылай марафоны әлеуметтік арақашықтықты сақтай отыра, биыл жоспарланған уақыттан кеш ұйымдастырылады.

Ұқсас жаңалықтар
Вашингтонда болған атыстан бір адам қаза тауып, жиырмасы жараланды Венгрияда автобус аударылып, бір адам мерт болды Бүкіләлемдік таеквондо федерациясы Үміт эстафетасын бастады

Марафон 8 қарашада өтеді. Ал өткен жылдың наурыз айында кейінге шегерілген жартылай марафон 50 күн бұрын, яғни 20 қыркүйекrе жоспарланған, деп хабарлайды, ҚазАқпарат ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Греция үкіметі коронавирус індетімен күресте оң нәтижеге қол жеткізіп, үкіметі 5000 қатысушыға рұқсат берді. Сондықтан биылғы марафон екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңге 5000, екінші кезеңіне 5000 қатысушыдан жіберіледі. 7-8 қарашада демалыс күндері өтетін жарысқа ұйымдастырушылар екі күн ішінде 30000 спортшы қатысады деп күтуде. Биылғы марафонға әлемнің үздік атақты жүгірушілері шақырылмайды. Сондай-ақ, қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында салтанатты іс-шаралары мен гала-кештер ұйымдастырылмайды.

Пандемияның салқыны 2020 жылдың марафондар маусымына да әсер етті. Атап айтсақ әлемдегі ең ірі марафон саналатын Бостон, Нью-Йорк пен Берлиндегі World Marathon Majors кезеңдері де өтпейтін болды. Лондон марафоны 4 қазанға жоспарланған, бірақ оның өтетіні күмәнді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT