АЭС салынса, маңайындағы халық көшіріле ме – министрдің жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда АЭС салынса, маңайындағы халық көшіріле ме? ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиевке орталық коммуникациялар қызметінде осындай сауал қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«АЭС туралы түрлі болжамдарды айтып кеттік. Бұған дейін де электр стансасын салу өте ұзаққа созылатын үдеріс екенін айттым. Әрине, кез келген стансаны салу үшін адам керек. Ол стансаға қызмет көрсететін адамдар да қажет. Бұл адамдар нысанға жақын маңда тұрғаны керек. Біреудің ол жерден көшкісі келсе, біреудің керісінше көшіп барғысы келетін шығар. Жалпы алғанда, жаңа стансамен бірге саланың тұтас инфрақұрылымы, «қала құраушы кәсіпорын» пайда болады», - деді министр.

Оның пайымынша, әзірге АЭС салынатын елді мекеннен халықты басқа жерге қоныстандыру мәселесін тақлыауға әлі ерте. Өйткені нысанның құрылысына ғана 10-15 жыл уақыт керек.

«Тұрғындарды жаппай көшіру мәселесі қойылмайтын шығар деп деп топшылаймын. Тағы да айтам, өйткені бұл – келешектің жобасы. Бұл мәселені шамамен 10 жылдан кейін талқылауымыз мүмкін., Халықты қоныстандыру бойынша немесе жекелеген үйлерді көшіру бойынша мемлекеттік бағдарлама бола ма, сол кезде көрейік. Оған дейін әлі уақыт көп», - деді Мағзұм Мырзағалиев.


Соңғы жаңалықтар