Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

АЭС салуда экологияның қандай талаптары ескерілуі керек

2022 жылғы 15 маусым 16:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология вице-министрі Зүлфия Сүлейменова АЭС салуда ескерілуі керек экологиялық талаптар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көмірмен салыстырғанда атом энергетикасының зиянды шығарындылары аз. Тіпті, жоқ деп айтуға болады. АЭС салу ісінде экология министрлігінің өзіндік позициясы бар. Оны іштей сараладық, пысықтадық. Электр станциясы құрылысы алдында іске асыратын бірнеше шара бар. Біз АЭС салынуы мүмкін аумаққа стратегиялық және экологиялық талдау жасаймыз. Оның экожүйеге қалай әсер ететінін, судың жеткілікті болуын анықтауымыз керек. Өздеріңіз білесіздер, Балқаш көлінің арнайы статусы бар. Оны да назарға алу маңызыды», - деді Зүлфия Сүлейменова.

Айтуынша, АЭС салуда ескерілуі қажет талаптар тізімі энергетика министрлігіне жолданған. Экологиялық шаралар құрылыс басталған уақытқа дейін қабылданып болуы тиіс.


Автор:

Әлихан Асқар

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары