АЭС құрылысы бойынша зерттеу жыл соңына дейін жүргізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда атом электр станциясы құрылысының аспектілерін зерттеу жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жақында бұл тақырып бойынша айтқан едім, яғни бұл бағыттағы жұмыстарды біраз пысықтау керек. Сондықтан осы жұмыстар кем дегенде жыл соңына дейін жалғасады», - деді Б. Ақшолақов елордада мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған форумда тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатар тілшілер министрден Түркиядағы АЭС-тің құрылысын зерттеудің мән-жайы туралы сұрады.

«Бұл станция әлі салынып бітпегенін ескере отырып, оған қатысты зерттеу жүргізу қиындау болар. Жалпы, біз бұл жобаның қаншалықты ауқымды екенін қарадық», - деді ведомство басшысы.

«Жоба «Росатомның» қатысуымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл тұрғыда осындай ауқымды құрылыс кезіндегі локализация мәселелері, аралас өндірістерді жетілдіру жергілікті қамтуды дамытуда елеулі мүмкіндіктер жасайды», - деді Б. Ақшолақов.

Бұдан бұрын БАҚ-та Түркиядағы «Аккую» АЭС-ін «Росатом» мемлекеттік корпорациясы салып жатқаны хабарланған еді.


Соңғы жаңалықтар