Аэродромда тұрған ұшақ өртеніп кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Якутиядағы Тиксиде аэродромда тұрған  Ан-24 ұшағының қозғалтқышы жанып кетті, деп хабарлады РИА «Новости» жедел қызметтегі дереккөзге сілтеме жасап.

«Ұшу-қону жолағында Ан-24 ұшағының оң жақтағы қозғалтқышы отқа оранды», - деді ол.

Сондай-ақ, дереккөз әуе кемесінің бортында 43 адам болғанын хабарлады. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ,  өрт шұғыл сөндірілді. 

Соңғы жаңалықтар