АЕК әлеуметтік қолдау үшін есептік көрсеткіш болып қалады – Еңбек министрі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова депутаттардың айлық есептік көрсеткішті (АЕК) ең төменгі күнкөріс деңгейімен немесе ең төменгі жалақымен байланыстыру туралы ұсынысына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Жәмилә Нұрманбетова Тәуелсіздік қарсаңында енгізілген айлық есептік көрсеткіш («АЕК») әлі қолданылып келе жатқанын айтқан еді.

«Бірақ АЕК экономикаға да, жалақыға да байланысты емес. Сондықтан болашақта әлеуметтік төлемдерді аударуда бірыңғай көрсеткішке сүйену орынды деп санаймыз. Не ең төменгі күнкөріс деңгейіне, немесе – ең төменгі жалақыға», - деді депутат.

«ҚР Конституциясына сәйкес, мемлекет кепілдік берген төлемдер бар. Мемлекет кепілдік берген төлем дегеніміз – адамның жалғыз табыс көзі болуы мүмкін зейнетақы немесе жәрдемақы. Мұнда мемлекет бүгін ең төменгі күнкөріс деңгейіне, ертең – орташа табыс пен ең төменгі жалақыға негізделген төлемдерге кепілдік береді. Барлық осы көрсеткіштердің негізі мен экономикалық сипаты бар. Енді бұл кірістер аз болса, мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау бар. Әлеуметтік қолдау қандай да бір есептік көрсеткіштерден құралады. АЕК дегеніміз осы. Бұл мемлекеттің мүмкіндік болған жағдайда ғана көрсететін қосымша әлеуметтік қолдауы», - деп түсіндірді Еңбек министрі Мәжілісте тілшілерге берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, қазір мемлекет халыққа түрлі арнайы жәрдемақы беріп келеді.

«Сондықтан қазір әлеуметтік қолдау үшін АЕК есептік көрсеткіш ретінде қалатын болады. Айлық есептік көрсеткіш жыл сайын инфляция деңгейінде артып келеді. АЕК тек әлеуметтік салада ғана емес, барлық салаларда қолданылады. Егер ертең Ұлттық экономика министрлігі айлық есептік көрсеткіштің орнына басқа есептеу көрсеткіші болады десе, бұл да қарастырылуы мүмкін. Сондықтан біз мұнда әріптестеріміздің ұсыныстарына сүйенеміз», - деді Т. Дүйсенова.


Фото: gov.kz

Соңғы жаңалықтар