АЭФ: Жұмыспен қамту саласындағы өзекті мәселелер талқыланады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - XII Астана экономикалық форумы аясында БҰҰ-ның ең көне мамандандырылған мекемелерінің бірі - Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) 100 жылдығына арналған халықаралық конференция өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық және жетекші әлемдік сарапшылар болашақ еңбек мәселелерін, 4.0 Индустрия аясында жаңа шын мәнінде әлеуметтік-еңбек саласын дамытуды талқылайды. Конференцияның ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұйымдастырып отыр.

«Конференция барысында екі сессия жоспарланған,оған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Өзбекстанның Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрі Шерзод Кудбиев, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым, Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы департаментінің директоры Грахам Минтон, BCG серіктесі және басқарушы директоры Сергей Перапечка, Қазақстандағы АДБ өкілдігінің директоры Джованни Капанелли, Германияның Шығыс Еуропа экономикалық қатынастары жөніндегі комитетінің директоры Михаэль Хармс және тағы басқалар қатысады», - делінген таратылған мәліметті.

Айта кетейік, еліміз 1993 жылғы 31 мамырдан бастап ХЕҰ-ға мүше.

ХЕҰ Халықаралық еңбек нормаларын ратификациялауға және орындауға жәрдемдеседі, еңбек және әлеуметтік мәселелер бойынша ақпарат пен талдау береді. Халықаралық еңбек нормативтері саласында Қазақстан ХЕҰ-ның 24 Конвенциясын ратификациялады.

Конференция биыл 16 мамырда сағат 13:30-да EXPO Конгресс-орталығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар