АЭФ өзінің ауқымын кеңейтіп келеді - Euronews өкілі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Euronews телеарнасының тілшісі Штефан Гробе Астана экономикалық форумына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, АЭФ-2019 аясында Ш. Гробе ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен пленарлық отырыста модератор болды.

«Біраздан жылдан бері Астана экономикалық форумына келіп жүрмін. Соңғы рет 2013 жылы модератор ретінде келген едім. Қазақстан елордасы әр жыл сайын өзгеріп тұрады, жаңа ғимараттар пайда болуда. Атап айтқанда, бұл форум білікті мамандардың басын қосып, пікір алмасуға жақсы мүмкіндік жасап отыр», - деді ол.

Оның пайымынша, АЭФ әлем елдері мен Қазақстан үшін маңызды.

«Мәселен, мемлекетте теңізге шығуға мүмкіндік болмаса, жаһандық нарықта тиісті қиындықтар туындайды. Қазіргі кезде Қазақстанда саяси тұрақтылықтың деңгейі өскенін білеміз. Қытай мен Ресейдің көршісі ретінде сіздер бір деңгейде дипломатиялық картада тұрақтауға қауқарлы болдыңыздар. АЭФ-ке келген кезде, осы мамандар өз елдерінде форумның қалай өткенін, онда талқыланған өзекті мәселелер туралы пікір білдіреді. Бұл ретте экономикалық форумды өткізген елге түрлі салалар бойынша оңтайлы ықпал етеді», - деді Euronews телеарнасының өкілі.

Форумды ұйымдастыру мәселесіне тоқталған ол, АЭФ-2019 жоғары деңгейде өтіп жатқанын, барлық шаралар егжей-тегжейлі пысықталғанын жеткізді.

«Қатысушылар алдыңғы қатарлы елдерден келді. Форумның пленарлық отырысында өте қызықты пікір алмасу болды. Қазақстан Тәуелсіз ел атанған кезде, көрші мемлекеттермен бір деңгейде болған еді. Қазіргі кезде барлығы өзгерді. Жалпы, Астана экономикалық форумы ел үшін маңызды оқиға деп білемін. 10 жылдан астам уақыт бойы өткізілген бұл форум өзінің ауқымы мен деңгейін кеңейтіп келеді. Түрлі сипаттағы проблемалар талқылауға негіз болды. Осы пікір алмасулар оңтайлы нәтиже беретіні анық», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар