Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.90 EUR 422.74
RUB 5.87 CNY 54.80
Jańalyqtar

АЭФ: Елордада 9 млрд долларлық 45 келісімге қол қойылды

2019 жылғы 17 мамыр 14:33 411
Бөлісіңіз:
АЭФ: Елордада 9 млрд долларлық 45 келісімге қол қойылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен өткен «Kazakhstan Global Investment Rountable» дөңгелек үстелінде құны 9 млрд АҚШ долларын құрайтын келісімдерге қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ресейлік компания Түркістанда 500 гектарлық жылыжай салады Қазақстанда венчурлық қаржыландыру АХҚО базасында дамытылады

KGIR-2019 қазақстандық және шетелдік инвесторлар үшін маңызды инвестициялық оқиғалардың бірі бола отырып, өз алаңында 1100-ден астам ірі әлемдік және қазақстандық компаниялардың басшыларын, халықаралық сарапшылар мен мемлекеттік ұйымдардың өкілдерін жинады. Олардың ішінде 600-ден астам 41 елден келген қонақтар, сондай-ақ «Cisco», «Nokia», «CITIC Bank Corporation», «WILO SE Group», «AGCO Corporation», «Valmont Industries», «Tyson Foods», «Yildirim Group» және тағы басқа ірі компаниялардың топ-менеджерлері бар.

Іс-шара барысында қатысушылар жалпы құны 8,9 млрд АҚШ долларын құрайтын 45 коммерциялық келісімге қол қойды.

АЭФ-тің бүгінгі сессиясының қорытынды брифингінде біршама инвестициялық келісімдерге қол қойылады. Атап айтқанда, тың меморандумдарға сәйкес, Ресейлік компания Түркістанда 500 гектарлық жылыжай салуды көздесе, Түркиялық «Yildirim Holding» компаниясы Жамбыл облысында кальций қосылған сода зауытын тұрғызбақ.

Сол секілді ресейлік АЕОН корпорациясы Ақтөбе қаласындағы әуежайды қайта жөндеуден өткізбек.

Газ-химия саласында Маңғыстау облысының әкімдігі мен «Westgasoil» компаниясы (Сингапур) метанол және олефиндерді өндіру жобасын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Жобаны жүзеге асырылуы химия өнімдердін өндіруін орналастырып, елдің газ-химия кешенін дамыту арқылы импорт алмастыруды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, білім беру саласында еліміздің үш аймағы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында сингапурлық инвестор (Kinder World) «Білім метрополисін салу - мектеп, колледж, университет» жобасының жол картасына қол қойды. Жақын арада Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық мектептер желісі, колледж және білім беру кешені салынады.


АЭФ: Елордада 9 млрд долларлық 45 келісімге қол қойылды 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT