АЭФ-да Президент әлем алдында тұрған бес қауіп-қатерді атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасымыз кеше экономикалық форумда сөйлеген сөзінде бүкіл әлемді заттандыру бойынша жаһандық деңгейде бес бастама көтерді. Бұл туралы пікірді Көмір химиясы және технологиялары институтының директоры Болат Ермағамбет білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасымыз кеше экономикалық форумда сөйлеген сөзінде бүкіл әлемді заттандыру бойынша жаһандық деңгейде бес бастама көтерді. Сол бес бастаманың өзі біздің еліміздің қаншалықты дамығанын көрсетеді. Екіншіден, біздің қазір дамып жатқан экономикамыздың негізі цифрландыру болуы керек. Және біз адами капиталды жақсы дамытуымыз қажет. Үшіншіден, біз өнеркәсібімізд революциялық өзгерістен өткізуіміз керек. Ол үшін қазір бізде жоғары технологияларды дамытудың маңызы өте зор. Технологиялық дамытқанда ең басты мәселе - экологиялық мәселе болып табылады. Өйткені, әрбір технологиялық экономикалық және экологиялық үрдістердің негізгі, басты деңгейіне жету керек. Қазір әлемде, бүкіл ғаламшарда экологиялық мәселе бірінші орында тұр. Ол мәселені егер біз қазір қолға алмасақ, ертең бүкіл дүние, әлем апатқа ұшырауы мүмкін. Сондықтан егер біздің дамуымыз, жалпы Қазақстан экономикасының дамуы жаңа экологиялық технологиялардың негізінде қалануы керек. Және оны біздің Елбасымыз оны басымдылықпен атап өтті. Ал адами капиталды дамыту бойынша біздің жастарымыздың, технологтар мен экологтарымыздың және ғалымдарымыздың, кәсіпкерлеріміздің экологиялық мәселеге тең көңіл бөлгені оң болар деп ойлаймын», - Болат Ермағамбет.

Сондай-ақ АЭФ-да сөз алған Мемлекет басшысының сөзіне қатысты «Қазақстан» РТРК АҚ тілшісі Дулат Әбибуллаев өзінің азаматтық пікірін білдірді.

«Шынында да, биылғы 11-ші Астана экономикалық форумының күн тәртібі өте өзекті. Кеше пленарлық отырыста Президент жалпы әлемнің алдында тұрған бес қауіп-қатерді атап өтті. Оның барлығы маңызды. Бұл тек менің бағам емес, осында келіп жатқан халықаралық әріптестерім де осындай пікірде. Өте өзекті тақырыптар қозғалды. Жалпы, форум аясында түрлі тақырыптарға арналған 76 іс-шара жоспарланса, оның 40-ы кеше өтті, бүгін 30-дан астамы өтеді. Қазір міне, цифрландыруға байланысты және урбанизацияға қатысты сессияларды күтіп отырмыз. Биылғы форумның күн тәртібіне қатысты менің жеке пікірім осындай», - дейді журналист.

Фото: primeminister.kz

Соңғы жаңалықтар