АЭФ-да Орталық Азияда сауда-саттықты дамытудың жаңа жоспары таныстырылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық Азиядағы сауданы дамытудың жаңа жоспары алдағы Астана экономикалық форумында таныстырылады. Бұл туралы ҚазАқпарат Хабар 24 сілтеме жасап хабарлайды.

Әсіресе сарапшылар инвесторлардың қызығушылығын негізге ала отырып, аймақтағы сауда-саттықты жандандырудың жолдарын талқылайды. Осы мақсатта халықаралық пікірталас алаңына Азия даму банкі президентінің орынбсары Венчай Жанг, Дүниежүзідік банктің Орталық Азиядағы аймақтық директоры Лилия Бурунчук және тағы басқа айтулы тұлғалар келеді.

Күн тәртібінде өңірдегі сауданы дамытудың тың әдістерін тауып, оған қатысушыларды ынталантыратын тетіктерді анықтау мәселесі бар.

«Алдағы форумда өте өзекті мәселені қозғайын деп отырмын. Нақтырақ айтқанда, АХҚО соты мен арбитражды сот арқылы әлемдік экономикадағы қиындықтарға қалай төтеп беруге болатындығын сөз қыламын. Өйткені біздің негізгі мақсат - қаржылық дауларды шешу. Жұмысымыздың жүйесі британдық құқық негізіне құрылған. Сәйкесінше, бұл бастама Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыра түсуі керек», - дейді АХҚО сотының тіркеушісі Кристофер Кэмпбелл-Холт.

Соңғы жаңалықтар