АЭФ аясында мемлекеттік қызмет мәселелеріне арналған конференция өтуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада VIІ Астана экономикалық форумы аясында «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару: ахуалы мен болашағы» атты тақырыпта жаһандық конференциясы өз жұмысын бастады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Байменовтің айтуынша, форум аясындағы бұндай халықаралық конференция тәжірибе мен пікір алмасуға, сондай-ақ жаңа ізденіс пен зерттеулердің нәтижелерімен танысуға үлкен мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл шара Астана экономикалық форумының сарапшылар желісін кеңейту мен ынтымақтастықтың жаңа түрлерін анықтауда ерекше рөл атқарып отыр. «Жалпы, мемлекеттік қызметті дамыту әлемнің барлық мемлекетіндегі үкіметтері үшін маңызды міндет болып табылады. Жаһандану мен жаңа сын-қатерлер, қоғамның жоғары сұранысы мемлекеттік қызмет аппаратының жұмысын үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Бұл халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсетіп, ел мүддесі үшін сапалы шешімдер қабылдау үшін қажет. Барлық мемлекеттер үшін ортақ мәселелер, сондай-ақ әр өңірдің өзінің жеке проблемалары бар. Мұнымен қатар, әр мемлекеттің үкіметі мемлекеттік қызметті реформалаудың күн тәртібін өзі белгілейтіні анық. Астана экономикалық форумы аясында өтіп отырған мұндай тәжірибе мен білім алмасудың маңыздылығын ерекше атап өткім келеді», - деді конференцияның ашылуы барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Ә. Байменов.

Соңғы жаңалықтар