АЭФ: Apple негізін қалаушыларының бірі форумға қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық өнертапқыш, инженер және бағдарламалаушы, Apple Computer компаниясының тең құрылтайшысы Стив Возняк 17-19 мамырда Астанада өтетін Global Challenges Summit АЭФ 2018-ге қатысатынын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі іс-шараның ұйымдастырушыларына сілтеме жасап.

1976 жылы Стив Возняк Стив Джобс және Рональд Уэйнмен бірге Apple Computer (Apple Inc) компаниясының негізін қалады. 1970 жылдардың ортасында Apple I және Apple II компьютерлері «микрокомпьютерлік революцияны» бастап, жаңа саланың бастауында тұрды.

Стив Возняк нарыққа алғаш рет қашықтан басқарылатын әмбебап пульттарды шығарған «CL9» компаниясы мен алғашқы сымсыз GPS-технологиясын жасаған «Wheels of Zeus» компанияларын ашқан. Стив Возняк технологияға қосқан үлесі үшін әлемнің жетекші университеттерінің 10 техникалық ғылым докторы дәрежесіне ие болды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Астана экономикалық форумының ұйымдастырушылары спикерлерді анықтады. Олардың арасында Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олланд, футуролог Митио Каку және БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мун бар. 

Соңғы жаңалықтар