АЭФ: Apple негізін қалаушылардың бірі табысқа жету құпиясын айтып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Apple компаниясының негізін қалаушылардың бірі Стив Возняк Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысумен өткен Global Challenges Summit 2018 форумы барысында табысқа жету құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқып жүргенімде математикадан, сонымен қатар ғылымнан үлгерімім жақсы болды. Ол кезде цифрландыру туралы ештеңе білмейтін еді. Сол кезде компьютер мектепте және ЖОО-ларда да жан-жақты қолданылмайтын. Өмірімді жеңілдету үшін бірдеңе жасауға деген ынтам болды. Осынау кіп-кішкентай чипті компьютерге қалай қосуға болады деп өзіме сауал қойдым», - деп атап өтті ол.

Америкалық өнертапқыш кез келген компьютерді 2 жылдың ішінде жобалап шығуға болады деген түсінігі болғанын айтты.

«Бірде әкем құны біршама қымбат болатын компьютердің пайда болатынын айтты. Біз ол кезде бұл жайында тек армандайтын ғана едік. Мен әлемдегі ең танымал гаджеттерді жобалаумен айналыса бастап, компьютерлік клуб ұйымдастырдым. Және де бұл видео ойындар қалай жұмыс істейтіндігін түсіну үшін жасалған еді. Бұған қоса, біз университеттік желі құрайық деп шештік. Бірақ, бұл идеямызды жүзеге асыру үшін бюджетіміз болмады. Барынша қуатты компьютерге қол жеткізуге ұмтылған қарапайым адамдар еді. Бұл клубта профессорлар да бізбен бірге осынау әлеуметтік идеяны талқылайтын. Алайда біз қуаты жоғары, жылдам жұмыс істейтін, үйрете алатын компьютер жасағымыз келді», - деді Стив Возняк.

Оның айтуынша, дәл сол аралықта олардың командасына әлі ешкімге таныс емес Стив Джобс келіп қосылған.

«Стив барынша қызығушылық таныта келе: «Өзіміз неге компания құрмасқа? Бизнесті одан ары дамыту үшін ақша табу қажет», деді.  Менде барынша адал болдым және оған идеяны Hewlett-Packard-қа сатуды ұсындым. Өйткені олар бес есе жылдам жұмыс істей алатын алғашқы дербес компьютерді құрастыра алатын еді. Дегенмен, Стив бұл бизнесті бастап, біз Apple компаниясын ұйымдастырдық», - деді ол.

«Міне, дәл осылай біздің жұмысымыз біртіндеп дамыды. Сіз қаламсаптың көмегімен бір сөз жазсаңыз машина түсінетін болады. Осыны жасағаннан кейін бейсенбі күні кешкі сағат 5-те тіс дәрігерім Саруға бару керек деп жаздым. Enter-ді басып қалғанымда машина менің күнтізбемді ашып, аталған жазбаны тіркеп қойды. Мен қатты таңғалдым. Бұл менің өмірімді түбегейлі өзгертті. Мен бірдеңе жаздым, ал машина оны түсінді. Қазір сіз компьютеріңізбен достық пейілмен сөйлесе аласыз. Ол сізге жауап та береді. Бұл таңғаларлық жайт еді», - деді Стив Возняк.

Соңғы жаңалықтар