Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.93 EUR 423.00
RUB 5.87 CNY 54.82
Jańalyqtar

АЭФ: Әлихан Бөкейхан, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұнның мемлекеттік басқаруды ілгерілетудегі үлесі туралы айтылды

2019 жылғы 17 мамыр 20:55 869
Бөлісіңіз:
АЭФ: Әлихан Бөкейхан, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұнның мемлекеттік басқаруды ілгерілетудегі үлесі туралы айтылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемнің 15-тен астам елінің мемлекеттік қызмет саласындағы құзырлы орган басшылары мен өкілдері, әйгілі халықаралық сарапшылар бас қосқан халықаралық жиында Әлихан Бөкейхан, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұнның мемлекеттік басқаруды ілгерілетудегі үлесі тілге тиек етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Марапат және құрмет: ХХІ ғасырда мемлекеттік қызметшілерді  ынталандыру» атты сессияны Астана мемлекеттік қызмет хабы БҰҰ Даму Бағдарламасы және Назарбаев Университетімен бірге АЭФ аясында ұйымдастырды.

Сессияның ашылуында Астана хабы басқарушы комитет төрағасы Әлихан Байменов «адамзаттың ортақ өзекті мәселерін шешуде мемлекеттік басқару сапасының орны ерекше» екендігіне, ол «тек мемлекеттік қызметшілердің білімі және білігімен ғана емес, ынтасымен де анықталатындығына» тоқталды.

Әлихан Байменовтің айтуынша, «мемлекеттік қызметшілердің жеке бастың қамын емес, мемлекеттің, қоғамның ортақ мәселерерін шешуге бейім болуы, елге қызмет жасауға ниеті ел дамуында маңызды рөл атқарады. Осыны түсінген Алаш Орда үкіметінің басшысы Әлихан Бөкейханов осыдан 100  жыл бұрын «ұлтқа қызмет - мінезден» деген».
АЭФ: Әлихан Бөкейхан, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұнның мемлекеттік басқаруды ілгерілетудегі үлесі туралы айтылды 

Астана хабы жетекшісі өз сөзінде, мемлекеттік қызметкерге қажет 12 қасиетті  ұлы бабамыз әрі ойшыл Әл Фараби 11 ғасыр бұрын анықтап бергенін, оның ішінде адалдық пен мемлекет ісіне берілгендік шешуші құндылық ретінде көрсетілгенін жеткізді. Осы кезеңде Орталық Азиядан шыққан философ Жүсіп Баласағұн 15 лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлер үшін маңызды кәсіби біліктілік ретінде абырой мен ынтаны ерекше атаған.

Жиын барысында он бестен астам елдің, соның ішінде Грузия, Украина, Қазақстан, Қырғызстан, Черногорияның уәкілетті органдар басшылары мен өкілдері мемлекеттік қызметшіледі ынталандыру жолдарын, еңбекақы төлеу жүйесін реформалау, олардың қызмет тиімділігін бағалау бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT