+7 (701) 759 90 19
USD 389.75 EUR 434.26
RUB 6.12 CNY 55.05
Jańalyqtar

АЭФ-2019: Цифрландыру Қазақстанның ауыл шаруашылығын қалай дамытты

2019 жылғы 16 мамыр 20:48
Бөлісіңіз:
АЭФ-2019:  Цифрландыру Қазақстанның ауыл шаруашылығын қалай дамытты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қазақстандағы аграрлық-өнеркәсіптік кешенді цифрландыру жұмыстарын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«АӨК-ті цифрландыру климаттың өзгеруіне бейімделу сын-қатерін азайтады, егінді арттырып, мал басын көбейтеді, бизнес-процестерді дер кезінде жоспарлауға мүмкіндік береді. «Ақылды» басқару шешімін қабылдау үшін фермер спутникпен түсірілген суреттер, жер өңдеу алгоритмдері, жоғары технологиялы датчиктер, мобильді қосымшалар мен GPS жүйе сынды цифрлық технологияларды меңгеруі тиіс», - деп атап өтті министр елордада өткен ХІІ Астана экономикалық форумында.

Оның айтуынша, өткен жылы бекітілген е-АӨК бағдарламасы мемлекеттік қолдау шараларын автоматтандыруға, дәлме-дәл ауыл шаруашылығы жобаларын жүзеге асыруға және бизнес пен АӨК өкілінің өзара ынтымақтасуына бағытталған.

«Ауыл шаруашылығы субсидияларын алу процедурасы толық автоматтандырылған. Субсидиялау процесін автоманттандыру мен фермер жұмысын жеңілдету үшін егістік жері 100% цифрландырылды. Осы арқылы фермер өз алқабын үйден шықпай-ақ басқару мүмкіндігін алды. Көктемгі, суару, жинау жұмыстары үшін жеңілдікпен берілетін дизельді отынды да электронды түрде бөлу жұмыстары жүруде. Өсімдік және мал шаруашылығы бағытында дәлме-дәл ауыл шаруашылығы жүйесі енгізіледі. Агрономияның жаңа технологиялары мен техникасын қолдану арқылы пилоттық нысандарда астық 2,5 есе көбірек жиналды және шығын 20% азайған», - деді С. Омаров.

Мал шаруашылығында заманауи смарт жүйелерді қолдану оң нәтижесін берген. Пилоттық жобада сүт сауу жұмыстары 20% көбейіп, төл өсіру - 30% артқан.

«Ауыл шаруашылығы өнімін құжаттық бақылау жүйесі де енгізу сатысында тұр. Бұл арқылы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін, экспорт-импорттың ашықтығын қамтамасыз етуге болады. Тауарларға үнемі бақылау жасалып, Қазақстан нарығы инвестициялық тұрғыда тартымды бола түседі. Ұлттық кеңістіктегі деректер инфрақұрылымы жобасы аясында координат нақтылығын арттыру, кеңістіктегі деректер ашықтығын қамтамасыз ету жоспарланған. Бірыңғай мемлекеттік координалар жүйесі орнатылып, республиканың барлық аумағын қамтиды», - деді министр.

Еске сала кетсек, елордада XII Астана экономикалық форумы «Ынталандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар» тақырыбында өтіп жатыр. Форум жұмысына әлемнің 74 елінен сарапшылар, саясаткерлер, бизнесмендер мен ғалымдар қатысуда.

Форумға қатысатын шетелдік қонақтар қатарында Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагард, Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Хань Чжэн, Армения Республикасының Президенті Армен Саркисян, Nokia Corporation директорлар кеңесінің төрағасы Ристо Сииласмаа, экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Пол Гомер сынды танымал тұлғалар бар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT