АЭФ-2018: Ресейдің ұлттық криптовалютасы болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана экономикалық форумында сарапшы Миxаил Сенаторов Ресейдің криптовалютаға қатысты жоспарын айтып берді. Бұрын М.Сенаторов РФ Орталық банкі төрағасының орынбасары қызметін атқарған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Ресей криптовалютаға қатысты заңды қабылдауға асықпай отыр. Себебі осы салада бірқатар теxникалық мәселелерді реттеу керек. Әйтпесе, цифрлық ақшаның ұрлығына жол ашылады.

«Қазіргі кезде Ресейдің криптография академиясы ғылымдар академиясымен бірлесе отырып, криптовалютаның қауіпсіздік мәселесін жан-жақты зерделеп жатыр. Криптовалюталық аударымдарды қалай қорғауға болады? Шын мәнінде, аталған жүйенің осал бір тұсы бар. Криптографиялық қолтаңбаның кодын ұрласа, ақшаны да үптеп кетуге болады. Сондықтан дәл осы теxникалық мәселелердің бәрін ескеру керек», - деді М.Сенаторов АЭФ-2018 панельдік сессиясында.

Оның айтуынша, бүгінде криптовалюталар көп. Бәрі өздерінің жеке цифрлық ақшасын шығаруға тырысады. Ал оның барлығын бақылап отыру мүмкін емес.

«Сол себепті ұлттық криптовалютаны жасап шығарған тиімді. Сонда барлық нормаларды заң жүзінде бекітіп, тиісті қорғау шараларын жүргізуге болады. Әрине, Орталық банк ол криптовалютаны реттеп отыруы қажет. Меніңше, қазіргі жұмыстардың нәтижесінде Ресейдің ұлттық криптовалютасы жасалады. Орталық банк кәдімгідей ақшаны қалай реттесе, жаңа цифрлық ақшаны да солай реттейтін шығар», - деп атап көрсетті М.Сенаторов.

Бұған дейін ресейлік БАҚ-тардың хабарлауынша, президент Владимир Путин үкімет пен Орталық банкке криптовалютаның майнингіне заңнамалық негізде талаптарды әзірлеуді тапсырды. Тапсырма 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін орындалуы тиіс.

Еске салайық, Астана экономикалық форумының жалпы отырысында сөз сөйлеген Президент Нұрсұлтан Назарбаев криптовалюталар феномені мен блокчейн технологиялары банктерді қамти отырып, қаржы нарығы үшін түбегейлі өзгерістерді алып келетінін айтқан болатын. 

Соңғы жаңалықтар