АЭФ-2018: Қазақстан ICO-ны қолға алса, қыруар қаржыны тарта алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана экономикалық форумында криптовалюталар нарығын дамыту мәселесі талқыланды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оңтүстің Кореяның өкілі Сеунг-Ки Кимнің айтуынша, бүгінде Корея үкіметі криптовалюта нарығын жіті бақылап келеді. Қазіргі кезде заңнамаға тағы өзгерістерді енгізу мәселесі қаралып жатыр. Тіпті, салық салу жағынан да бірқатар түзетулер болады. "Мысалы, Оңтүстік Кореяның цифрлық биржаларына заңсыз ақша, я болмаса, біреулер қаржыны жылыстатамын десе, ондай әрекеттердің бәрі бірден көрінетін болады. Былайша айтқанда, заңсыз қаржы операциялары қатаң бақыланады. Негізі, бас кезінде Кореяның криптовалюта нарығында спекулятивті әрекеттер көп болды. Бірақ ел үкіметі бәрін ретке келтіре білді", - деді Сеунг-Ки Ким.

Оның айтуынша, қазіргі кезде Оңтүстік Кореяда ICO-ны өткізуге тыйым салынған. Сол себепті кореялық компаниялар шет елдерге, соның ішінде Швейцария мен Сингапур нарығына шығып жүр. "Сіздерге Беларусь сияқты елдердің тәжірибесін енгізу керек. Егер Қазақстан ICO-ны қолға алса, онда көптеген кореялық компаниялар осы нарыққа келеді", - деп атап көрсетті Сеунг-Ки Ким.

Айта кетейік, сессия кезінде Қазақстанның блокчейн және криптовалюталары қауымдастығының президенті Есет Бутин цифрлық ақшаның майнингі туралы айтып берді. Ал Миxаил Сенаторовтың айтуынша, көрші Ресей өзінің ұлттық криптовалютасын жасап шығаруы әбден мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар