АЭА басқарушы компанияларын бөлек шығару керек - Сағынтаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларын бөлек шығаруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылым үшін республикалық бюджеттен қаражат алуға ғана құлықты. Ақшаны алып, құрылыс жүргізеді және қалған мәселе қызықтырмайды. Бұған дейін құрылған дайын аумақтарда жұмыс қалай жүріп жатыр? Мұның бәрі басқарушы компанияға тікелей байланысты. Оған әкімдіктің бір бөлімшесі, мемлекеттік-коммуналдық мекеме ретінде қарайды. «Қорғас - Шығыс қақпасында» жұмыс мүлдем басқаша жүріп жатыр, онда шетелдіктер ғана  жұмыс істейді», - деді Сағынтаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Сондай-ақ, Премьер-Министр елімізде АЭА құрылған 10 ірі аймақ бар екенін және тәуір басқарушы компанияларды ұйымдастыра алмаса, ештеңе өнбейтінін баса айтты. 

«Жүз пайыз қамтамасыз етсек те, қандай нәтиже көріп отырмыз? Он-он бес жыл жұмыс істедік, енді бағытымызды өзгертейік дейміз бе? Орын толтыра алмай, тілек білдіргендердің бәрін шақыра береміз бе? Бұл да басқарушы компанияның қателігі. Егер дұрыс жұмыс істейтін басқарушы компания болғанда, бағытымызды өзгертіп, кеңейтіп, кәсіпкерлердің барлығын шақырмас па едік?», - деп, Үкімет басшысы облыс әкімдерінен АЭА басқарушы компанияларына ерекше назар аударуды сұрады.

«Бұл жұмысты әкімдік өз күшімен атқара алмайды, оған бәріміздің көзіміз жетті. Дұрысы -  басқара білетін мамандардың қолына беру», - деді Премьер-Министр.

Соңғы жаңалықтар