Адвокатура мәселелері жөніндегі заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

None
None
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокатура мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасы халыққа білікті заң көмегін тиісінше көрсетуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ оның сапасын бақылау тетіктерін белгілеуге бағытталады.

Бұған қатысты құжатта аттестаттау комиссиясының қызметін және адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдардың тағылымдамадан өту процесін реттеу шаралары көзделеді. Адвокаттар үшін ұзақтығы 6 айдан 1 жылға дейін белгіленген тағылымдамадан өту мерзімін ұлғайту қарастырылады. Бұдан бөлек, адвокаттарды тәртіптік жауаптылыққа тарту тәртібі, оның тізбесі айқындалады.

Заң жобасы бойынша адвокаттар алқалары одағын құру тәртібі нақтыланып, оның негізгі мақсаттары мен міндеттері көрсетіледі.

Заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін бас комитетке тапсырылады.

Соңғы жаңалықтар