+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Адвокаттарға сот процесі бойынша жеке және заңды тұлғалардың дерегін тексеретін құрал ұсынылды

2020 жылғы 19 мамыр 11:25
Бөлісіңіз:
Адвокаттарға сот процесі бойынша жеке және заңды тұлғалардың дерегін тексеретін құрал ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 855 адвокат пен 674 заң консультанты онлайн режимінде еліміздің әрбір азаматына кәсіби заң көмегін ұсынуға дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Е–Заңкөмегі» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі - бұл әрбір азамат үйден шықпай-ақ, мүлдем тегін білікті заң көмегін алатын құрал. Адвокаттар мен заң консультанттары сот процесі бойынша жеке және заңды тұлғалар туралы деректерді тексерудің заманауи құралдарын алады. Бұдан басқа, жүйе дәлелдемелерді жинау процесін тездетуге мүмкіндік береді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарымен өзара іс-қимылды жеңілдетеді», делінген хабарламада.

«Е-Заң көмегі» бірыңғай ақпараттық жүйесі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өз күшімен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңын орындау мақсатында әзірленді» - деп түсіндірді компанияның басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Қазақстан Конституциясы мен заңдарына сәйкес әркімнің азаматтық, әкімшілік және қылмыстық іс жүргізу барысында білікті заң көмегін алуға құқылы. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін тегін негізде құқықтық ақпараттандыру түрінде алу құқығына барлық жеке және заңды тұлғалар ие.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT