Адвокаттар мен заң кеңесшілерінің жұмысын реттейтін жол картасы әзірленеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астанада «Заманауи адвокатура проблемалары және оларды шешудің жолдары» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Әділет министрі Қанат Мусиннің төрғалағымен өтіп жатқан шараға авдокаттар мен заңгерлер, Мәжіліс депуттары, Ішкі істер, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің өкілдері қатысуда.

Қанат Мусиннің айтуына қарағанда, адвокаттарды дөңгелек үстелге жинау арқылы салада қорқаланған мәселлерді шешудің жолдарын талқылау көзделіп отыр.

«Мемлекет басшысы адвокаттар мен заң кеңесшілерінің жұмысына заң көмегін көрсету мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Бұл жөнінде 2020, 2021 жылғы Жолдауларында бірнеше рет айтып кеткен. Қазіргі кезде адвокаттар мен заң кеңесшілерінің қызметі «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңмен реттеледі. Ол заң 2018 жылы қабылданған болатын. Былтыр біз оған өзгерістер мен толықтырулар енгіздік. Бірақ 2018 жылдан бері біраз уақыт өтті. Қоғам өзеріп, дамып жатыр, Сондықтан талқылайтын біраз мәселе жиналып қалды. Бүгін адвокаттар қауымымен сол проблемаларды шешудің жолдарын талқылап жатырмыз. Дөңгелек үстелде қойылған сұрақтардың бәрі қаралады. Біз арнайы жол картасын дайныдап жатырмыз. осы жиынның қорытындысы бойынша бірталай мәселе шешімін табады деп ойлаймын», -деді ведомство басшысы.

Дөңгелек үстелдің алғашқы бөлігінде республикалық адовакаттар алқасының атынан бірқатар проблемалар айтылды. Министрдің сөзіне қарағанда, оның бәрі жұмыс әсітндегі түйткілдер ғана. Сондықтан бүгінгі жиын қорытындысы бойынша түбегейлі заңнамалық өзгеріс болмайды.

«Адвокаттардың қызметіне қатысты түбегейлі өзгерістер болады деуге келмейді. Бүгін көтеріліп жатқан мәселенің бәрі жұмыс сәтінде кездесетін түйткілдер. Бірінші кезекте мемлекет кепілдендірген заң көмегінің ақысына байланысты мәселе қо»ылды. Одан кейін адвокаттар мен қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінің арасындағы өзара әрекеттерге, бизнес процестерге қатысты проблемалар айтылды. Яғни, бұл жерде түбегейлі өзгерістерді қажет ететін проблемалар көріп тұрған жоқпын. Бәрінен бұрын өзара әрекетті жетілдіріп, ішкі сипаттағы жетіспей жатқан жұмыстарды пысықтау қажет. Бүгінгі жиналғандағы мақсатымыз – бір-бірімізді тыңдап, адвокаттарға көмектесудің жолдарын табу», - деді Қанат Мусин.


Соңғы жаңалықтар