Адвокаттар алқалары одағы құрылатын болды

None
None
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокатура мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда талқыланып, қабылданды.

Құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Парламент қабылдаған құжат халыққа білікті заң көмегін тиісінше көрсетуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ оның сапасын бақылау тетіктерін белгілеуге бағытталады. Осыған орай, заң жобасы аттестаттау комиссиясының қызметін және адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдардың тағылымдамадан өту процесін реттеу шаралары көзделеді. Адвокаттар үшін ұзақтығы 6 айдан 1 жылға дейін белгіленген тағылымдамадан өту мерзімін ұлғайту қарастырылады. Бұдан бөлек, адвокаттарды тәртіптік жауаптылыққа тарту тәртібі, оның тізбесі айқындалады.

Мәжілістің мақұлдауынан өткен құжатқа Парламент Сенаты бірқатар өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, заң жобасы бойынша Адвокаттар алқалары одағын құру тәртібі мен оның құзыреті көзделеді. Алайда осындай алқаның құрылуы заң жобасының адвокаттар қызметінің тиімділігін арттыру және оның сапасын бақылау тетіктерін белгілеу жөніндегі мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз етпейді. Одақтың ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту ұсынылады. Бұл ретте оған барлық адвокаттар алқаларының міндетті мүшелігі көзделеді. Жаңа ұйымдық-құқықтық нысанды заңнамалық регламенттеу мақсатында Республикалық адвокаттар алқасын құру тәртібін, қызметінің құқықтық негіздерін, оның өкілеттіктерін, негізгі мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ оның органдары мен мүлкін қалыптастыру мәселелерін айқындау ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар