Адвокат қызметіне жүгінгендерді сақтандыру институты жұмысын қашан бастайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап адвокаттардың және заң кеңесшілерінің кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру институты енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап адвокаттардың және заң кеңесшілерінің кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру институты енгізіледі. Сапасыз құқықтық көмек көрсетілген жағдайда азаматтарға сақтандыру өтемі беріледі», - деді Әділет вице-министрі Жанат Ешмағамбетов ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Әділет министрлігінің алқа отырысында.

Оның айтуынша, заң кеңесшілерінің қызметі қазірдің өзінде регламентке қойылған. Осы жылдың шілде айынан бастап азаматтық сот ісін жүргізуде жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін білдіретін заңгерлер заң консультанттарының палаталарында тұрып, тұрақты негізде біліктілігін арттырып, кәсіби ұйымның белгіленген ережелері мен стандарттары бойынша заң көмегін көрсетуі тиіс.

Еске сала кетсек, бүгінгі алқа отырысында вице-министр Жанат Ешмағамбетов жарна төлеу тәртібі алынып тасталған соң елімізде адвокаттар саны 5 мыңға жеткенін хабарлаған еді.

Соңғы жаңалықтар