Адвокат егіз баласын өлтірген қылмыскердің жұбайына жазаны жеңілдетуді сұрады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Егіз баланың анасы Алла Волченконың адвокаты әйелдің жазасын жеңілдетуге күш салмақ. Бұл туралы бүгін сот отырысы барысында қорғаушы Фархад Таипов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің ойымша ол балаларды өлтіруге қатысқан жоқ. Бүгін сотта оның жоспарды білгені және полицияға айтпағаны талқыланып жатыр. Оны күйеуі үнемі ішкізіп отырған. Физикалық тұрғыдан ол кете алмады. Ал, Самал шағын ауданында баласын тастап кету себебі, әйел осылайша баласын аман алып қалғысы келген», - деді Фархад Таипов.  

Қорғаушының айтуынша, мұндай қылмыс үшін Волченко 15 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Ал балалардың әкесі Эмиль Гильмутдинов 18 жылдан аса мерзімге сотталмақ.

Еске сала кетсек, 11 қыркүйек күні жантүршігерлік оқиға Түркісіб ауданында болған. Көппәтерлі үйлердің бірінде тоңазытқыштың ішінен сәбилердің мүрдесі табылған. Сол күні Медеу ауданында адасып жүрген екі жастағы ер бала полицияға жеткізілді. Бала өлген егіздердің ағасы екені анықталды. Егіздердің өліміне күдікті ретінде олардың ата-анасы ұсталды. Қазіргі уақытта сот алдында Қазақстан азаматшасы Алла Волченкомен оның азаматтық некедегі Өзбекстан азаматы Эмиль Гильмутдинов жауап беруде. Оларға қатысты ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі, 1,3,7- тармақтары (кісі өлтіру) және 119-баптың 1-бөлімі (қараусыз қалдыру) бойынша іс қозғалған.

Соңғы жаңалықтар