Адвокат Азановқа қатысты іс: Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық бақылауына алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Серік Оспанов Бас прокуратураға Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәмелетке толмаған баланы зорлау ықтималдығы туралы оқиғаға  байланысты қылмыстық іс қозғалуына ықпал еткен адвокат Бауыржан Азановқа қатысты, қылмыстық іс қозғау заңдылықтарын құқықтық бағалау және оның бастамасына ықпал еткен фактілерді объективті тексеру туралы өтінішпен жүгінді.

 Бұл туралы ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

Өтініште Қазақстан Республикасының Конституциясымен және адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттармен кепілдендірілген құқық бостандығы және олардың еркін білдіруі, сондай-ақ өз кәсіби құқықтары мен міндеттерін іске асыру аясында адвокатқа қатысты қылмыстық іс қозғау заңдылығы бойынша ұлттық құқық қорғау мекемесінің алаңдаушылығы білдірілді.

Бұған дейін кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылық жағдайы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бақылауында болды. Өз қызметі шеңберінде ұлттық құқық қорғау мекемесі барлық тараптармен, соның ішінде жәбірленушінің адвокаты, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен, заңды өкілімен және уәкілетті мемлекеттік органдармен байланыстар жүргізді. Атап айтқанда, ҚР омбудсмені Асқар Шәкіров еркін жүріп-тұру; жеке басқа қол сұқпаушылық; заңды және басқа қажетті көмекке дереу қол жеткізу; сыртқы әлеммен байланыс құқықтарына қатысты бірқатар процессуалдық бұзушылықтарға жол берілуіне назар аударды.

Осыған байланысты, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы өз хатында адвокат Б. Азанов баланы қорғауға өзінің кәсіби көмегін ұсынған және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал еткен алғашқы тұлғалардың бірі екенін атап өткен. ҚР заңнамасына сәйкес, адвокат заң көмегіне жүгінген тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін заңмен тыйым салынбаған барлық құралдар мен әдістерді қолдануға құқылы.

Адвокат Б. Азановқа қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша жағдай Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың бақылауына алынды.

Соңғы жаңалықтар