Адвокат Айман Умарова өзіне тіл тигізген прокурорды сотқа бермек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда прокуратура қызметкері белгілі құқық қорғаушы Айман Умарованы кездесуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айман Умароваға өзіне дұрыс жауап бермеген прокуратура өкілдері хабарласып, кездесуге шақырған.

«Менімен бір адам байланысқа шықты. Прокуратура өкілімін деді. Кездесуге шақырды. Бірақ мен кездесуден бас тарттым. Маған ол кездесудің енді қажеті жоқ. Мұндай мазақ жауапты алғаныма 15 күн өтті. Осы уақытта тым болмаса бір рет хабарласып, қателесіп жібердік айтатын шығар деп ойладым. Сіздердің қоңырауларыңызға жауап бермейді, әрине. Олар не айтады? Бүкіл прокуратураның бет-бейнесін көрсете ме?», - деді Айман Умарова. 

Адвокат бұл мазақты бей-жай қалдыра алмайтынын айтты. Ол енді өзін қаралағандарды сотқа бермек.

«Мұндай мазақтан соң не сезінуге болады? Сотқа беремін. Бұл ресми жауап электронды қолтаңбамен бекітілген. Жауапты клиентке қалай көрсетерімді білмедім. Ол әйел екі жыл бойы баласының өліміне кінәлілерді таба алмай жатыр. Бұл істе дәрігерлер кінәлі болуы мүмкін. Ал, олар маған осылай жауап қайтарады. Бұл жауапты мен 6 ай бұрын алғанмын. Бірақ «Пупкина Залупкинасыз».... Бұл жақсы сөз емес екенін түсінемін. Бірақ дәл осындай мағына беретінін білгенде сұмдық болдым», - деді заңгер.

Айта кетсек, мұның алдында белгілі құқық қорғаушы Айман Умарова көп уақыттан бері қызының өліміне айыптыларды таба алмай келе жатқан әйелдің ісі бойынша прокуратураға сауал жолдаған. Бостандық аудандық прокуратурасы Электронды үкімет порталы арқылы «Құрметті, Пупкина Залупкина!» деп ресми жауап қайтарған.

Соңғы жаңалықтар