Адриано Челентаноның «егізі» Алматыда шоу көрсетеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Адриано Челентаноның «егізі» Алматыда шоу көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Трибьют шоу Алматыда 30 маусымда Республика сарайында өтетін болды.

Мұндай шоу жанры қазақстандықтарға таңсық болса да, әлемде 30 жылдан бері өткізіліп келеді.

«Мұндай оқиға біздің елімізде бірінші рет болып отыр. Қазіргі таңда заманауи өзгерістерге бейімделу маңызды. Бұл ерекше шоу болады. Атақты әртістің өзі оны қолдап отыр. Әзірге қоғам қалай қабылдары белгісіз. Өйткені ол нағыз әртістің өзі емес қой. Біздің менталитетіміз басқаша. Бірақ Маурицио Швейцердің түр келбеті ғана емес, даусы да, қимыл-қозғалысы да Адриано Челентаноға ұқсайды. Қазақстандықтардың көңілінен шығады деп ойлаймыз», - деді продюсер Марлен Нұрмағамбетов.

Айта кету керек, әртістің «сыңары» жұлдызға ұқсау үшін ешқашан пластикалық ота жасатқан емес.

Стилистер тек шаш үлгісін ғана жасаған.

«Ең алғашында мен өзім өнер көрсететінмін. Кейін көрермендер менен Челентаноны сұрай бастады. Олардың арасында Адрианоның әндері үлкен сұранысқа ие болды. Содан бастап мен оның әндерін орындап, образын сомдап келемін. Актер өзі менің бұл талпынысымды қолдайды. Екеуміздің арамызда лицензиялық келісім бар. Мен Челентаноға ұқсау үшін ешқашан құралдарды пайдаланып көрген емеспін», - деді Швейцер.

Айта кету керек, әлемде трибьют-шоу атақты әртістерге тағзым ретінде өткізіледі.

Батыста Майкл Джексонның, Элвис Преслидің, Мадоннаның трибьют шоулары үлкен сұранысқа ие.

Соңғы жаңалықтар