Әдіскер: Экономикалық ілгерілеуіміздің негізі - білім мен ғылым

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Әсемгүл Қарсабаева пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласында елді мазалап жүрген мәселелер мен шешу жолдарын атап өтті. Соның ішінде ана тіліміздің дамуы мен дәріптелуіне және отандық білім саласын жетілдіруге ерекше көңіл бөлінгені ерекше қуантады.

Дана халқымыз «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген. Сондықтан да мәдени, ғылыми-технологиялық, экономикалық ілгерілеуіміздің негізі - білім мен ғылым болып қала беретіні белгілі. Осы орайда Президентіміздің «Педагог мәртебесі туралы» заңды қабылдауын атап өтпеске болмайды. Себебі болашақ ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісіндегі мұғалімдердің қосар үлесі шексіз», - дейді Ә.Қарсабаева.

Оның айтуынша, Абайдың «Қара сөздері» жастардың ғылым мен білімге деген құлшынысын арттыра түспек.

«Мемлекет басшысы өз мақаласында «Абай шығармаларына зер салсақ, оның үнемі елдің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін байқауға болады» деп ұлтымыздың жаңғырту ісінде Абай мұрасын басшылыққа алып, ұтымды пайдалануымыз керектігін атап өтеді. Жалпы, Абайдың «Қара сөзі» ғұламаның 175 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында өткізілетін іс-шараларда халыққа кеңінен насихатталып, жастардың ғылым мен білімге, ізденушілікке қызығушылығын арттыратынына сенімдімін», - деп түйіндеді Ә.Қарсабаева.

Айта кетейік, «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық көрген болатын.



Соңғы жаңалықтар