Адиля Тілекенова Азия чемпионатындағы екінші жүлдесіне қол жеткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көркем гимнастикадан Тайландтың Паттая қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Адиля Тілекенова екінші жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, Тілекенова ұршықпен жаттығу сайысында 17.450 ұпай жинап, Азия біріншілігінің күміс жүлдесіне қол жеткізді. Бұл сында бас жүлдені 17.850 ұпай жинаған қытайлық Ятинг Жао жеңіп алса, қола медальді жапониялық Рурико Шибаяма қанжығасына байлады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Адиля Тілекенова көпсайыс қорытындысы бойынша Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанғаны туралы жазған болатынбыз.

Айта кетейік, көркем гимнастикадан Азия чемпионаты 18 маусым күні жалауын түрген болатын. 24 маусымға дейін жалғасатын додада жекелей сында Қазақстан атынан Адиля Тілекенова, Даяна Әбдірбекова, Роза Абитова және Айдана Шәкенова өнер көрсетіп жатса, топтық жаттығуда Джессика Будник, Регина Сұлтанова, Даяна Жақыпова, Жанерке Дәулетқұлова, Дария Шарафиденова және Сағина Мұратқызы сынға түсуде.

Соңғы жаңалықтар