Әділхан Макин жерлестерімен кездесіп, алдағы жоспарларымен бөлісті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – «Славян базары» халықаралық байқауының жеңімпазы, қазақстандық әнші Әділхан Макинге туған жері Солтүстік Қазақстан облысында құрмет көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, туған өлкеге келген Әділхан Макинді облыс әкімі Құмар Ақсақалов қабылдап, алғысын білдірді.

«Қызылжар өңірі талай ұлы дүниеге келген. Ермек Серкебаев сияқты ағаларымызды айтар едім. Бүгінде сол тұлғалардың жолын жалғап келе жатқан ұрпақтары баршылық. Былтыр Канн фестивалінде Самал Еслямова бәрімізді қуантты. Енді міне, Әділхан халықаралық ән фестиваліне қатысып, облыс тұрғындарының ғана емес, барша қазақстандықтардың мерейін үстем етті. Сендердің жеңістерің басқа жастарға үлгі. Көп еңбектің арқасында биік белестерді бағындыруға болатынын дәлелдедің», - деді Құмар Ақсақалов.


Өңір басшысы Әділханға алғыс білдіріп, ерекше ілтипаттың белгісі ретінде Құрмет грамотасын және 500 мың теңгенің сертификатын ұсынды.

Әділхан М.Жұмабаев ауданына қарасты Бірлік ауылының тумасы. Қаладағы №6 мектепте оқыған. Әншінің өміріндегі маңызды істі бастамас бұрын туған ауылына барып, ақсақалдардан бата алмақшы.

«Байқау 15 шілде аяқталды. Енді міне туған жеріме келіп сый-құрметке бөленіп жатырмын. Сіздерді, туғандарымды, ұстаздарымды көргеніме қуаныштымын. Осындай жобадан кейін үлкен композитор, профессорлармен жұмыс істесем деген ниетім бар. Әлі халқымды жақсы әндермен қуантамын деген үміттемін. Үлкен істі бастамас бұрын туған жеріме барып, үлкендерден бата алғым келеді», - деді Әділхан Макин.


Соңғы жаңалықтар