Әділхан Макин «Славян базарынан» алған әсерімен бөлісті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Славян базары-2019» халықаралық фестивалінің Гран-при иегері Әділхан Макин елордаға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл жеңісімді халқыма арнаймын. Жастар жылында барша жасты аянбай еңбек етуге шақырамын. Тек қана алға! Баршаңызға көп рақмет. Өз атыңнан ғана емес, елдің атынан шыққанда жауапкершілікті сезінесің. Уайымдайсың. Беларусь халқы өте қонақжай, сахнаға шыққанда қолдауын аямайды. Осыдан кейін қанаттанып, бар өнеріңді көрсеткің келеді», - деді Әділхан Макин журналистерге берген сұхбатында.


Қазақстандық әнші сапалы әндерге қатысты өз пікірін білдірді.

«Өнердің құнын жоғалпайық. Тойдың орны бөлек. Бізге той керек. Себебі, қазақ халқы тойлатуды жақсы көреміз ғой. Бірақ өнердің құнын кетірмейік. Біз үлкен сахналарда қазақтың жанға жағымды шығармаларын орындауға тырысайық», - деді әнші.

Әділхан Макин 1994 жылы 5 қазанда Петропавл қаласында дүниеге келген. Бала кезінен ән айтып, түрлі байқауларға қатысқан. 2011 жылы астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде «Актерлік шеберлік» мамандығы бойынша оқи бастады.

2012 жылы «Жас қанат» әншілер байқауының финалисі атанды. 2013 жылы «Шабыт» халықаралық байқауының ІІ орынын иеленген. 2014 жылы «Қазақстан дауысы» ұлттық байқауына қатысқан. 2016 жылы Әділхан Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына «Эстрада вокалы» мамандығына түскен.

Айта кетейік, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халықаралық байқауларда жүлдегер атанған жас қазақстандықтармен кездесті. Кездесуге «Славян базары - 2019» конкурсының жеңімпазы Әділхан Макин мен Украинада өткен «Молодая гиличина-2019» халықаралық ән байқауының бас жүлдесін алған Қуаныш Ерзатұлы және І орын жүлдегерлері Мереке Кенжеғұл мен «Қазақ қыздары» триосы келді.



Соңғы жаңалықтар