+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Әділхан Макин «Славян базары-2019» фестивалінде Гран-приге ие болды

2019 жылғы 15 шілде 19:11
Бөлісіңіз:
Әділхан Макин «Славян базары-2019» фестивалінде Гран-приге ие болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Әділхан Макин «Славян базары-2019» халықаралық фестивалінде Гран-приге ие болды. Бұл туралы академия ректоры Асхат Маемиров Витебскіден мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әділхан Макиннің вокалдық қабілеті қандай – маман пікірі

А.Маемиров Facebook-тегі парақшасында ресми хабарлағанындай, Әділхан Макин эстрада өнері факультетінің 4 курсында оқиды.

-Еліміздің көк байрағын желбіретіп, мерейімізді тасытқан өнер жеңісі құтты болсын! – дейді Асхат Маемиров.

Осыдан дәл төрт жыл бұрын «Славян базары-2015» халықаралық фестивалінде Димаш Құдайберген тұңғыш рет Гран-приді жеңіп алса, 2018 жылы Ернар Садырбай бірінші жүлдеге ие болған еді.

Витебскіде Димаш Құдайберген бағындырған биік биыл Әділxан Макиннің жеңісімен жаңғырды. Екі күн бойы ерекше таланты мен вокалдық мүмкіндіктері үйлесіп, кәсіби орындаушылық деңгейі мен актерлік шеберлігі жарасым тапқан Әділxан Макин - қазылар алқасы мен алты мыңнан астам көрерменнің, оның сыртында тікелей эфирді тамашалаған миллиондаған фестиваль жанкүйерлерінің таңдайын қақтырып, ыстық ықыласына бөленді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлы ақын Абай атамыздың 175 жылдығына арналған өлең оқу эстафетасы туралы көрермендерге қазақ тілінде xабарлап, «Славян базары» фестивалінің үлкен саxнасында Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін арнайы шырқады.

Әділxан екінші турда да үміткерлердің көшін бастап, қорытындысында 178 ұпай жинап, қатарластарынан оқ бойы озып, суырылып алға шықты.

Беларусь, Ресей, Германия, Швейцария, Болгария, Мальта, Израиль, Қытай, Латвия, Украина, Польша, Литва, Грузия, Армения, Молдова секілді мемлекеттердің айтулы эстрада әншілерінің арасынан топ жаруы еліміздегі өнер мен мәдениет саласындағы кәсіби үрдістің биік деңгейде екендігін көрсетеді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Витебскіге барған шығармашылық делегация үш күн бойы фестиваль жұмысы мен конфернцияға белсене араласып, Қазақстандағы өнер кеңістігінің жетістіктерімен, тәжірибелерімен ой бөлісті.

«Славян базары» xалықаралық фестивалінің ресми өкілі Қарлығаш Әбдікәрімованың тынымсыз еңбегіне, Әділxанның вокалдан ұстазы, PhD докторы Йоанис Кайсидиге және осы өнер сапарына ерекше қолдау жасап, әр күн сайын кәсіби кеңес-тілектерімен қанаттандырып отырған ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға алғыс айтамыз. Қазақстанның ән өнеріндегі жаңа да жарқын есім Әділxан Макин ел руxаниятын әлем кеңістікте дәріптеу жолында биік белестерді бағындыра бергей», деп жазды А.Маемиров.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Өнер,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT