Әділхан Ержановтың фильмі «Алтын глобус» сыйлығының лонг-тізіміне ілінді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әділхан Ержановтың нуар жанрында түсірілген «Голиаф» атты көркем фильмі Golden Globe Awards премиясының лонг-тізіміне ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл мәліметті Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм киностудиясы таратты.

Айта кетейік, «Алтын глобус» (Golden Globe Awards) - 1944 жылдан бастап Голливудтың шетелдік баспасөз қауымдастығынан берілетін америкалық сыйлық.

«Алтын глобус» сыйлығы жыл сайын қаңтар айында Голливудта тұратын 90-ға жуық халықаралық журналистердің дауыс беруі арқылы иесін табады.


Соңғы жаңалықтар