Әділетті мемлекетте әр істің әділетті қаралуы маңызды – Ақылбек Күрішбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев қасіретті қаңтар оқиғасына қатысты өз ойын ортаға салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әділетті мемлекетте әр істің әділетті қаралуы маңызды. Бас прокуратураның халық алдында ашық түрде мәлімдеме жасағаны дұрыс болды. Халық ащы шындықты білу керек. Елде болған жаппай тәртіпсіздіктердің себебі мен салдары ашық түрде зерттелуі тиіс. Және халықтың оның себебін білуге құқығы бар. Бұзақылықтың салдарынан қаншама адам зардап шегіп, мүлікке шығын келді. Әрине, ауыр жайт. Алда ауқымды жұмыс пен міндет тұр», - деді Ақылбек Күрішбаев.

Сондай-ақ, халық қалаулысы жаңа Қазақстанның дамуына әр азаматтың үлес қосуы маңызды екенін алға тартты.

«Мемлекет басшысы елді қалпына келтіру мен болған жайттың себебін анықтауға қатысты нақты тапсырма берді. Ендігі мақсат – Президент анықтап берген жоспарға сай әрекет ету», - дейді ол.

Айта кетсек, еліміздің Бас прокуратурасы төтенше жағдайдың хронологиясын жариялап, жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан мерт болған және зардап шеккендер туралы толық мәлімет берді.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Алматыда қаза болған бейбіт тұрғындардың нақты санын анықтауды тапсырған еді.

Одан бөлек, Президент митингте ұсталғандарға қатысты жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болмаса жазаны жеңілдеткен жөн екенін ескертті.


Соңғы жаңалықтар