НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Әділет Жүнісұлы Тойбаев ведомствоға қарасты Ғылым комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Әділет Тойбаев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқытушы болып бастаған.
2008-2009 жылдары — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да әдістеме бөлімінің меңгерушісі, академиялық мәселелер жөніндегі директор.
2011-2017 жылдары — Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқу-әдістеме бөлімінің меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі проректор.
2017-2018 жылдары — Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің бірінші проректоры-академиялық мәселелер жөніндегі проректоры.
2018 жылдан бастап қазірге дейін ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры қызметін атқарды.