«Әділет органдары кеңес береді» атты республикалық шара қорытындыланды

None
None
АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат - Маусымның 21-25-сі аралығында Әділет министрлігі халыққа құқықтық көмек көрсету мақсатында «Әділет органдары кеңес береді» атты республикалық акциясын өткізді.

Аталған ведомствоның баспасөз қызметі сол іс-шараның қорытындысын жариялап отыр.

Шара шеңберінде аймақтық Әділет департтаменттерінің, «Нұр Отан» ХДП филиалдарының қызметкерлерімен, адвокаттар және нотариустармен барлық өтініш білдірген азаматтарға, заңды тұлғаларға құқықтық көмек көрсетілді, заңнаманың нормалары түсіндіріліп, тиісті кеңестер берілді. Акция аясында халықпен 11 жүздесулер, 69 кәсіпорын мен 27 оқу орнында іс-шаралар ұйымдастырылып, 23 Халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтармен кездесулер өткізілді.

Іс-шара шеңберінде құқықтық көмек алу үшін өтініш білдірген 10 163 азамат пен заңды тұлғалар өкілдеріне кеңес берілді. 4 589 жазбаша өтініштердің 1 127 шешіліп, 3 371 өтініш бойынша түсіндіру сипаттағы жауаптар берілсе, қалған өтініштер қарастырылуда. Құқықтық кеңес алған азаматтар өз кәсіби деңгейін арттырып, онан кейін алған ұсыныстарды күнделікті өмірінде қолдануға мүмкіндік алды.

«Акция нәтижесінде азаматтарды көп уақыт бойы алаңдатқан әртүрлі салалардағы сұрақтар шешімін тапты. Атап айтқанда, азаматтарды құжаттандыру мен тіркеуге, ақысыз адвокаттық көмек көрсетуге, жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелерді жасауға қатысты, сондай-ақ қылмыстық атқару жүйесі, зияткерлік меншік салаларындағы, сонымен қатар азаматтарды, оның ішінде мемлекеттік нотариустардың нотариалдық қызметті жүзеге асыру мәселелері қарастырылды», делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар