Әділет Мұстафинов Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бастық болды - СҚО

None
Фото: СҚО ҚАЖД баспасөз қызметі
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне Әділет Мұстафинов бастық болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жаңа бастығын өңір басшысы Айдарбек Сапаров аппарат кеңесінде таныстырды.

Әділет Мұстафинов 52 жаста, Семей қаласында дүниеге келген.

1994 жылы Омбы аграрлық университетін «зоотехник» мамандығы бойынша, 2007 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Павлодар облысы бойынша Салық полициясы комитеті басқармасының Павлодар өңірі бойынша ауданаралық бөлімінің инспекторы, Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің өзіндік қауіпсіздік тобының ішкі істер бөлімінің аға жедел уәкілі, ҚР ІІМ ҚАЖК құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жедел басқару бастығының орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы, Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

Осы тағайындауға дейін Павлодар облысында қылмыстық-атқару жүйесі департаментін басқарды.


Соңғы жаңалықтар