Әділет министрлігі жаңа заң жобаларына белсенді үлес қосқан азаматтарды марапаттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев жаңа заң жобалары жөнінде құнды кеңестер берген Қазақстан азаматтарын марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, Данияр Мұхатов, Абай Қалиев, Талғат Теңізбаев, Николай Сергеев марапатталды және әлеуметтік желі арқылы жіберген ұсыныстары «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына енгізілді. 

Ең белсендісі кәсіпкер Данияр Мұхатов болды, ол аталған заң жобасына бес ұсынысын енгізген.

«Бәрі Facebook желісінен басталды, әсіресе автомобиль саласында. Маған кәсіпкерлер салық құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікті төмендету бойынша ұсыныстар айтты. Себебі біздің кәсіпкерлерге бір уақытта бірнеше қызметті алып жүруіне тура келеді және олар заңды білмеуінен құқық бұзушылықтарға жол береді. Нақты қай ұсыныстарымның енгені белгісіз», - дейді Д. Мұхатов.

«Заң жобаларын талқылау сайтын кеңінен насихаттау керек және заң жобаларын талқылауға белсенді қатысып, өз ұсыныстарын жіберген азаматтарға қолдау білдіру керек», - деді Әділет министрі.

Еске сала кетсек, бүгін ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев халық алдында есеп беру кездесуін өткізді және ҚР тұрғындарының сауалдарына жауап берді.

Соңғы жаңалықтар