Әділет министрлігі жаңа 4 партияның құжатын тексеріп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Әділет министрі Қанат Мусин 4 бастамашы топтың партия құруға қатысты құжаттары қаралып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдан бері 10 бастамашы топ саяси партияларды тіркеуге құжат берді. Оның үшеуі бірінші кезеңнен өтті. Олардан хабарландыру қабылданып, оған растау берілді. Екі партия жарты жыл бұрын растау алғанымен партия құру бағытында одан ары жұмыс жүргізген жоқ. Соған орай тіркеуге арналған құжаттарын ұсынбады», - деп атап өтті Қанат Мусин Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта Әділет министрлігінің қарауында 4 партияның құжаты жатыр.

«Халық дербестігі» партиясы екінші кезеңге өтті. Олар съездерін өткізіп, қазіргі уақытта заңға сәйкес партия ретінде құрылтайшылық съезін өткізеді. 20 мың кандидатының тізімін ұсынуы қажет. Қазіргі уақытта заңға сәйкес тіркеу мерзімі тоқтатылды және партия мүшелерін тексеру жүріп жатыр. «Ел тірегі», «Намыс» және «Бәйтерек» партиялары бойынша бірінші кезең деңгейінде жұмыс жүргізілуде. Яғни, партия құру ниеті туралы хабарлама алынғаннан кейін заңға орай тексеру жасалады. Мұны бірнеше рет айттым. Кемінде 1 мың адам болуы тиіс бастамашылық топ мүшелерінің арасында ЖСН-і дұрыс емес немесе ЖСН-ні атына, тегіне әкесінің атына сәйкес келмейтін тұлғалар бар. Өкінішке орай, қаза тапқан азаматтар, сонымен қатар өзге партияның мүшелері анықталды. Заңға сәйкес, Қазақстан азаматтары бір ғана партияға мүше бола алады. Сол себепті ол басқа партияның құрылуына қатыса алмайды. Бұл адамдар партия құруға бастамашылар қатарынан шығарылады және бастамашы топтың мүшелерінің саны азайып, заңмен бекітілген шектелімнен төмен түсіп кетеді. Осы кемшіліктердің бәрін жойғаннан кейін бастамашы топ құжаттарын қайтадан өткізіп, мұнан арғы кезеңдерге өтуге үміткер бола алады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар