Әділет министрлігі ұлттық превентивтік тетіктерді құру туралы заң жобасын әзірледі

None
None
АСТАНА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Әділет министрлігі ұлттық превентивтік тетіктерді құру туралы заң жобасын әзірледі. Бұл туралы бүгін ҚР Әділет министрлігінде өткен брифинг барысында ведомствоның ресми өкілі Ерболат Ерімбет мәлім етті.

Ресми өкілдің айтуынша, аталған заң жобасы Елбасының «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес әзірленген.

«Заң жобасы қолданыстағы ұлттық заңнамамызды 1984 жылғы желтоқсанның 10-ында қабылданған Азаптау мен басқа да қатал, адамгершілікке жатпайтын немесе азаматтың қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас пен жаза түрлеріне қарсы БҰҰ Конвенциясы талаптарына сәйкес келтіруге бағытталады», деді Е. Ерімбет. Оның айтуынша, аталған құжаттан бөлек құқық қорғау органдарында қызмет етудің бірыңғай стандарттарын, оның ішінде әлеуметтік қамтамасыз етуді жүзеге асыратын құқық қорғау органдары қызметкерлерінің аттестациядан өтпеуін көздейтін заң жобасы әзірленуде. Бұндай құжаттарды қабылдаудағы негізгі мақсат азаматтардың құықтарын әділ әрі шынайы қорғау болып табылады.

Соңғы жаңалықтар