Әділет министрлігі өткен жылы тіркелген нысандар туралы жария етті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы Қазақстанда өнеркәсіптік меншік бойынша 12 мыңнан астам нысан тіркелді. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство дерегінше, 2020 жылы іске асырылған жұмыстардың арасында:

- өнеркәсіптік меншіктің 12 016 нысаны тіркелді (2019 жылы – 11 679, 2018 жылы – 11 561, 2017 жылы – 9 430);

- авторлық құқық нысандарының мемлекеттік реестріне 6 881 нысан енгізілді (2019 жылы – 6 184, 2018 жылы – 4 321, 2017 жылы – 3 282);

- ведомствоның аумақтық органдары құқық иелерінің өтінімі негізінде тауар белгілері бойынша 7 тексеріс жүргізді (Алматыда – 3, Атырау, Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында бір тексерістен).

Заңсыз айналымнан жалпы сомасы 1 млн 729 мың теңгенің контрафакт өнімі тәркіленді.


Соңғы жаңалықтар