Әділет министрінің баспасөз хатшысы тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі - баспасөз хатшысы болып Талғат Уәли тағайындалды. Бұл туралы министрліктен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талғат Қанатұлы 1988 жылы Шығыс Қазақстан облысына қарасты Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында дүниеге келген. 2009 жылы «Қайнар» Семей университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы Семей қалалық ТВК-6 телеарнасының журналисті болып бастаған. 2011 жылы «Qazaqstan» РТРК Семей филиалында жетекші редактор, 2012 жылы «ЭРА» телекомпаниясы» ЖШС (7 арна) жаңалықтар қызметінде журналист болды.

2015 жылы «Хабар» Агенттігі«АҚ жаңалықтар қызметінде журналист болып істеген.

2016 жылдан бастап «Atameken Business Channel» телеарнасының Жаңалықтар қызметінде президенттік пулдың арнайы корреспонденті, тележүргізушісі және журналисі болып еңбек етті.

Бұған дейін ол ҚР Төтенше жағдайлар мимнистрлігінің ресми өкілі болды.

Фото: gov.kz

Соңғы жаңалықтар